28 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы  №642

283 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2015 жылғы 30 шілде, Астана қаласы «Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жете тексеру мен тінту жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 20 тамыздағы № 536 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес бұйырамын: 1. «Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жете тексеру мен тінту жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 20 тамыздағы № 536 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 26 қыркүйекте № 9757 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 31 желтоқсанда, «Казахстанская правда» газетінің 2015 жылғы 05 мамырдағы №83 (27959) санында, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 05 мамырдағы № 83 (28561) санында жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жете тексеру мен тінту жүргізу қағидаларында: 130-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі. Қағидаларға 11-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін. 4. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Министрдің міндетін атқарушы полиция генерал-майоры Р. ЖАҚЫПОВ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 2 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12005 болып енгізілді.